Республикашылдар жеңілген соң, Джей Ди Вэнс Трамптан іргесін аулақ сала бастады

228

Бұл туралы BILD басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикашылдар жеңілген соң, Джей Ди Вэнс Трамптан іргесін аулақ сала бастады Фото: BILD

АҚШ-та Конгреске өткен аралық сайлауда Республикалық партия жеңіліс тапқаннан кейін Вице-президент Джей Ди Вэнс Дональд Трамптың Иранға қарсы соғысын ашық сынады. 

Америкалық басылымдардың жазуынша, Вэнс мәлімдеме жасайтынын президентпен алдын ала ақылдаспаған болуы мүмкін. Осы жағдайдан кейін оның Трамптан іргесін аулақ салуға тырысып жүргені жөнінде болжамдар айтыла бастады.

Вэнс 2028 жылғы президент сайлауында республикашылдар атынан додаға түсуі мүмкін саясаткерлердің бірі саналады. Кейбір сарапшылар оның соғысқа қатысты сынын алдағы сайлаумен байланыстырады.

Олардың пайымдауынша, вице-президент өз алдына бөлек саяси бағыт ұстанып, Трамп билігінің халық арасында наразылық туғызған шешімдеріне жауапты болып қалмауды көздеуі мүмкін. Мұндай шешімдердің қатарында мигранттарды жаппай тексеру мен ұстау шаралары, сондай-ақ шетелден әкелінетін тауарларға салынатын баж салығы бар.

Дегенмен Трампқа ашық қарсы шығу Вэнстің өзіне де оңай тимеуі мүмкін. Себебі АҚШ президенті айналасындағы саясаткерлерден өзіне адал болуды талап ететінімен белгілі.

Ал 2028 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін тағы бір саясаткер – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио. Жуырда америкалық ақпарат құралдарында оның қызметінен кетуі мүмкін екені жазылған еді. Бірақ Рубио мұны жоққа шығарды.

The New York Times басылымына берген сұхбатында Рубио қазіргі жұмысын жақсы көретінін айтты. Ал президент сайлауына қатысу жоспары бар-жоғын әзірге ашып айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу