Рим Папасы Қазақстанға келді

2252

Понтификтің келу сапарын Atameken Business арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Рим Папасы Қазақстанға келді

Рим-католик шіркеуі басшысының әуе кемесі елордаға келіп қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Рим Папасы мінген ұшақ сейсенбі күні таңғы сағат 07:36-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11.30 - ред.) Римнің Фиумисино әуежайынан ұшқан болатын, бортында Рим Папасы Франциск, сондай-ақ папаның айналасындағы 80-ге жуық журналистер бар.

Atameken Business телеарнасы Нұр-Сұлтан әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рим Папасы Францискті қарсы алу рәсімін, Ақордада Рим Папасы Францискті қарсы алудың ресми рәсімін, сондай-ақ Президент пен Рим Папасы Францисктің қатысуымен "Қазақстан" орталық концерт залында үкімет, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуін көрсетеді. 

Айта кететіні, Рим-католик шіркеуінің басшысы Франциск елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен келген. Понтифик мемлекеттік сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу