Рим Папасы Лев XIV Ливанға үш күндік сапармен барды

Бейрутте және елдің өзге қалаларында да мәртебелі қонақтың келуі құрметіне орай қоңырау соғылды, порттағы кемелер кернейін қақты. 

Рим Папасы Лев XIV Ливанға үш күндік сапармен барды Фото: artsakh.news

ТАСС басылымының жазуынша, Рим Папасы Лев XIV Ливанға үш күндік сапармен барып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сапар "Бәрекелді бейбітшілік" ұранымен жалғасын табуда. Лев XIV ең бірінші Баабда сарайын бетке алған.

Ол Ливандағы ең құрметті христиан аскеттерінің бірі Әулие Шарбелдің жәдігерлері сақталған Анаядағы шағын ғимаратқа да аялдайды. Кешке таман Лев XIV Мұхаммед әл-Амин мешітінде мұсылман қауымының жетекшілерімен кездеседі, сол жерде дінаралық диалогқа жалғасып, толеранттылық және зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы сөз сөйлемек. 

Сапар 2 желтоқсанда Бейрут жағалауында аяқталады. Рим Папасы онда 2020 жылдың 4 тамызында қала портындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар үшін дұға етеді деп жоспарланған. 

Католик шіркеуі басшысының келуіне орай Ливан билігі қалада үш күндік демалыс жариялап, көлік қозғалысына шектеу қойып отыр. Орталық аудандар, әсіресе Рим Папасы орналасқан "Финиция" қонақүйінің маңы әскери қызметкерлерге толы. 

Қонақүй иелері одағының төрағасы Пьер Ашкардың сөзінше, бұл сапар туризм саласының дамуына септігін тигізген. Елге көптеген қажы келген. Египет, Иордания және Ирак мемлекетінен келгендер 2 желтоқсанда өтетін литургияға баруды болжаған. 

Бұған дейін Рим Папасы Лев XIV сапарын Түркиядан бастап, президент Режеп Тайып Ердоған және Константинополь патриархы Варфоломеймен кездескен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу