Рим папасы Ресейге маңызды үндеу жасады

521

Понтифик Рождествоға байланысты атысты тоқтатуды ұсынды.

Рим папасы Ресейге маңызды үндеу жасады Фото: armenpress.am

Рим папасы Лев XIV католиктер атап өтетін Рождество мерекесі кезінде бүкіл әлемді бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

"Мен барлық адамнан қасиетті Құтқарушымыздың дүниеге келген мерекесінде бір күн тыныштықты сақтауды тағы да сұраймын. Ресейдің атысты тоқтату туралы талапты қабылдамағаны мені қатты қынжылтады", – деді католик шіркеуінің басшысы.

Бұл туралы Рим папасы Кастель-Гандольфода орналасқан резиденциясында айтты.

Бұған дейін де Ресей атысты тоқтату жөніндегі ұсыныстарды бірнеше рет қабылдамаған. Өткен демалыста АҚШ-тың Флорида штатында өткен келіссөздерде Украина мәселесі бойынша ілгерілеу байқалмады. 

"Олар бұл үндеуге құлақ асып, әлемде 24 сағат тыныштық орнайды деп үміттенемін", – деді Лев XIV.

Желтоқсан айының басында понтифик Италияда Украина президентін қабылдаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу