Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.
Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу