Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

173

Виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді.  

Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы жарысты 1/8 финалдан бастап, бұл кезеңде Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Бакишева Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Яппен кездесті. Қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Жарыс VR технологиясы арқылы өтеді. Спортшылардың қимыл-қозғалысын арнайы датчиктер тіркеп, виртуалды кеңістікке көшіреді. Бұл ретте қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу