Ризабек Айтмұқан атағы дардай Кайл Снайдермен чемпиондық белбеу үшін айқасады

121

Бұған дейін PWL 8 турнирінде өткен алғашқы кездесуде Кайл Снайдерден жеңіліп қалған Ризабек Айтмұқан үшін алдағы жекпе-жек реванш алуға тамаша мүмкіндік болмақ.

Ризабек Айтмұқан атағы дардай Кайл Снайдермен чемпиондық белбеу үшін айқасады Фото: olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан америкалық балуан Кайл Снайдермен маңызды жекпе-жек өткізеді. Қос спортшының кездесуі 18 сәуір күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Бұл белдесуде жартылай ауыр салмақтағы RAF лигасының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Қазіргі таңда бұл атақ Кайл Снайдердің еншісінде.

Айта кетейік, Кайл Снайдер – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері және төрт дүркін әлем чемпионы.

Ал Ризабек Айтмұқан 2023 жылы Қазақстан тарихында ересектер арасында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу