Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ташкент қаласында өтіп жатқан PWL 11 турнирінде жеңіске жетті.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесуде ол ресейлік Алихан Кцоевпен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Кездесу барысында қазақстандық балуан 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, айқастың соңғы сәтінде есепті теңестіріп, белдесудің аяқталуына бес секунд қалғанда шешуші ұпайға қол жеткізді.
Сонымен қатар, PWL 11 турнирінде грек-рим күресі бойынша 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Ислам Евлоев беларусьтік Кирилл Маскевичке 1:2 есебімен есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.