Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта топ жарды

157

Тараз қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U15 және U23 жас санатындағы Қазақстан чемпионаты өз жалғасын табуда.  

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта топ жарды Фото: olympic.kz

Бүгін 23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен 125 келі салмақтағы белдесулер аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әлем және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл додада жаңа салмақта күш сынап көрді. Финалдық белдесуде ол Әлімжан Сәлімжанды айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіп, 125 келіде Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас санатындағы ел чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу