Rompetrol-дан KMGI-ға дейінгі табыс тарихы

22821

KMGI: Қара теңіз арқылы еуразиялық энергетикалық көпір.

Rompetrol-дан KMGI-ға дейінгі табыс тарихы

Atameken Business арнасы Қазақстан бизнесінің көшбасшылары туралы серіктес жобалардың топтамасын сіздердің назарларыңызға ұсынады. Жобаның мақсаты – қиын-қыстау дағдарыс кезеңінде дұрыс жол таңдап, нарықта ойып орын алған, өз көкжиегін кеңейтіп жатқан бизнес туралы айту. Алғашқы серіктес етіп KMG International компаниясын таңдауымыз бекер емес. Еуропаның мұнай өңдеу нарығы құлдыраған кезеңде KMGI тобы өзінің қаржылық және өндірістік көрсеткіштерін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге стратегиялық инвесторды тарта алды. Қытайдың China Energy Company Limited (CEFC) компаниясымен жасасқан келісімшарт 2016 жылы Қазақстанда жасалған жекешелендіру келісімдерінің ең ірісі болды және ол топқа қиын да бәсекелі еуропа нарығында табысты жұмыс істеуге ғана емес, кеңею стратегиясына кірісуге жол ашады.

Бастапқыда Rompetrol Group активтері қазақ жерінің шикі мұнайы мен мұнай өнімдерін Қара теңіз бен Еуропа аймағына өткізу нарығын қамтамасыз ету үшін алынды. Бұл мақсат еңсерілді. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін КМГ Румынияның "Petromidia" мұнай өңдеу зауытына 35 млн тоннадан астам Қазақстанның шикі мұнайын сатқан. Бірақ бұл оқиғаның бастауы соншалықты әсерлі болған жоқ. 2008 жылы дүниежүзілік қаржылық дағдарыс басталды, ол Еуропаға әсер етпей қоймады. Нәтижесінде мұнай өңдеу нарығындағы сұраныс бәсеңдеді. Бірнеше жылда KMGI компаниясы пайда түсірмеді. Мысалы, 2011 жылдың қорытындысы бойынша компания 238 миллион доллар шығынға батқан.

Ал бүгінгі күні компанияның ахуалы мүлде басқа – 2015 жылы компанияның таза табысы алғаш рет оң нәтиже көрсетті. Ал 2016 жылдың тоғыз айында компания сатып алынғаннан бері бірінші рет 145 млн доллар табыс тапты. 2016 жыл компанияның 42 жылдық тарихындағы ең табысты жыл атанды.

Бұл нәтижеге компанияның барлық бизнес-үдерістерін өзгертуге бағытталған 2013 жылдың тамыз айынан бастап іске асырылып жатқан "Change for Good" күрделі бағдарламасы арқасында қол жетті.

Өзгерістер тиімді болғаны сонша, биылғы жылдың желтоқсан айында, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, "KMG International" жобаға қатысуға стратегиялық инвесторды тартты, ол KMGI-дың Еуропа мен Жібек жолы елдеріндегі одан әрі дамуына 3 млрд доллар инвестиция салуға дайын.

Компанияның жұмысы, "ҚазМұнайГаздың" еуропалық активтеріне қытайлық CEFC компаниясының қызығушылығы және болашаққа деген жоспары туралы "KMG International" компаниясының бас директоры Жанат Түсіпбеков abctv.kz-ке берген сұхбатында мәлім етті.

- Жанат Рашидұлы, KazMunayGas International-дың басты міндеті не және 2012 жылы басқарушылардың жаңа тобы өз алдына қандай мақсат қойды?

- Маңызды міндет біздің акционеріміз – "ҚазМұнайГаз" компаниясы үшін ең жоғарғы табысқа қол жеткізу мақсатында KMG International менеджментінің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасына инвестиция қайтару болды.

Компанияның қызметі туралы оқырмандарға нақты түсінік бергім келеді. KMG International – "ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниялары өндірген мұнайды сату жөніндегі ұлттық оператор. Сондай-ақ ашық нарықта үшінші жақтан шикізат алып сату, мұнай өнімдерін сату және шикізатты жеткізу кіреді.

Біздің жұмысымыздың ендігі бір бағыты – мұнай өңдеу. Біздің Румынияда 2 мұнай өңдеу зауытымыз және мұнай химиялық кешеніміз бар. Петромидия мұнай өңдеу зауытының өңдеу шамасы 5 млн тонна, оның мүмкіндігі Қазақстанның Urals мұнайын өңдеуге жарамды, ал Вега шағын зауыты румын нарығына бірегей өнімдерді шағарады.

Біздің қызметіміздің үшінші маңызды бағыты – бөлшектеп сату бизнесі. Дәл осы арна өнімдерімізді сатудан ең көп пайда түсіруге мүмкіндік береді. Төртінші бағыт – өндірістік жұмыс пен қызмет көрсету. КМГИ тобының қызмет көрсетуші компаниялары екі негізгі бағытта жұмыс істейді – мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) күрделі жобаларды орындау және құрылыс, жанар-жағармай станцияларын (ЖЖС) күрделі жөндеу, сондай-ақ МӨЗ бен ЖЖС тұрақты техникалық қызмет көрсету.

- Игі өзгерістерге жақында қол жетті. Қандай шара қолданылды және нені жақсарта алдыңыздар?

- 2013 жылдың тамызында біз компанияның барлық бизнес-үдерісін өзгертуге бағытталған "Change for Good" ірі бағдарламасын іске асыра бастадық.

Біздің алдымызда компания жұмысының барлық бағытын қайта қарау міндеті тұрды.

Ерекше атап өту керек, бизнес-үдерістерді өзгертпес бұрын біздің алдымызда одан да үлкен міндет тұрды – өз-өзімізді өзгерту. Дәл осы тұс қатты білінді. Осы уақытқа дейін шығынға батып келе жатқан компанияда жұмыс істеген қызметкерлердің күмән келтіруі барлығын кері тартты. Жаңаша жұмыс істеп үйрену қажет еді.

Біз акционерлер, менеджемент және біздің тұтынушыларымыздың мүдделелері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға басымдық беріп, барлық компанияның стратегиясын қайта қарадық. Компанияның басқару үлгісі қайта қаралды. Жаңа үлгіде біздің компанияның негізі ретінде өндіріс пен бизнеске ерекше назар аударылды. Біз жеткізу, жоспарлау, өндіру және сату қызметтерін бір топқа біріктірдік. Ал компанияның барлық корпоративтік қызметі енді жұмыстың негізгі түрін дамытуға бағытталды.

2015 жылы МӨЗ-ді жетілдірудің ауқымды бағдарламасы аяқталды. Өңдеу көлемі 3.5 млн тоннадан 5 млн тоннаға өсті, ал шығарылатын өнімнің барлығы "Евро 5+" стандартына сәйкес келеді. Тәуелсіз бағалау бойынша Нельсон индексінің есебі және Соломон әдістемесі бойынша біздің мұнай өңдеу зауытымыз Қара теңіз бен Шығыс Еуропа аймағындағы үздіктердің бірі болды.

Әрине, сөзімнің басында айтқанымдай компанияның табысқа жетуінің маңызды факторы – адамдар. KMG International-дың менеджемнті мықты көшбасшылардан, кәсіби мамандар мен біздің компанияның жұмысына берілген адамдардан тұрады деп сеніммен айта аламын. Біздің көпұлтты менеджментіміздің негізгі бөлігі – Қазақстан азаматтары екені біз үшін мақтаныш.

- Қытайлық серіктеспен қызмет ету компанияға не береді?

- Атап өткенімдей, біз үшін басты мақсаттың бірі – стратегиялық серіктес тарту болды. CEFC – Қытайдағы ширақ дамып келе жатқан жекеменшік компаниялардың бірі. Олар 2002 жылы құрылып, 12 жылдан кейін-ақ Global Fortune әлемнің 500 ірі компаниясының тізіміне енді, қазіргі кезде 229-орынды иеленіп отыр. Олар тек мұнай саласында ғана емес, сонымен қатар энергетикалық және қаржылық-инвестициялық салада да өз үлесі бар. Аспанасты еліндегі серіктесіміздің үлкен қаржылық және технологиялық мүмкіндіктерін ескерсек, мұндай мықты стратегиялық инвесторды тарту "ҚазМұнайГаз" ҰК-ға жаңа мүмкіндіктер тудыратынына сенімдімін.

CEFC біздің бизнесті жақсы біледі. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап бұл инвестор KMG International-ға тиесілі Францияның оңтүстігі мен Испаниядағы мұнай өнімдерінің аймақтық дистрибьютері – Dyneff компаниясының 51%-ын иеленді. Ашық тендер нәтижелері бойынша CEFC тиімді шарттар ұсынып, 29 үміткерден озып шықты.

Екі жылдық өзара қарым-қатынас нәтижесі бойынша біз сенім мен қызметкерлеріміздің кәсібилігіне негізделген мықты ынтымақтастық құрдық. Өздеріңіз білетіндей, KMG International мен CEFC арасында жасалған мәміленің негізгі шарты қытайлық серіктестіктің біздің бизнеске 3 млрд доллардан кем емес соманы инвестициялау. Бұл инвестициялар біздің Шығыс Еуропадағы көкжиегімізді кеңейтуге және жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Румыния нарығы біз үшін әлі де тартымды болып отыр, біз бірқатар жобаны қарастырып жатырмыз, оның ішінде Petromidia МӨЗ-дің қуатын жылына қазіргі 5 млн-нан 10 млн тоннаға дейін арттыру. Румыния аумағында 200-ге дейін жанар-жағармай станциясын сатып алу және салу. Мұның барлығы 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, бұл көпұлтты компанияда менеджмент тәжрибесін жинақтайтын қазақстан азаматтары үшін де маңызды.

Түптеп келгенде, Қазақстан салған инвестициясының барлығын қайтарып қана қоймай, оны капиталға айналдырады.

- Сізге және жаңа инвесторға болашаққа сенімділікпен қарауға не негіз береді?

- Меніңше, жаңа біріккен кәсіпорынның ресурстары ұлан асыр, мысалы, Румыниядағы өндірістік активтер, Еуропадағы 1000-нан астам жанар-жағармай станциясы, Қазақстандағы ауқымды энергетикалық әлеует және ҚХР қыржылық мүмкіндіктері.

KMG International – бірігуге дейін де өз мүмкіндіктерін көрсеткен тұрақталған компания. 2016 жылы таза табыс нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге өседі және шамамен 55 млн долларға жетеді деп болжап отырмыз.

Бұл жетістіктер, сондай-ақ жоғары кәсіби топ акционерлерге де, бізге де болашаққа сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

- Жанат Рашидұлы, біздің оқырмандарға не айтар едіңіз?

- Ең алдымен, барлық қадірменді оқырман қауымын ұлы той – Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді және еліміздің одан әрі гүлденуін тілеймін!

Жаңа жыл қарсаңында, оқырмандарға игі арман-тілектерінің орындалуын, жыл бойында көңіл-күйінің көтеріңкі болуын тілеймін. Жаңа іскер табыстар мен баршамызға амандық тілеймін!

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться