"Әл-Наср" 2025/2026 жылғы Сауд Арабиясы Премьер-лигасының 34-туры аясындағы соңғы матчта өз алаңында "Дамак" командасын 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рияд клубы сапынан Садио Мане, Кингсли Коман және Криштиану Роналду көзге түсті. Португалиялық шабуылшы матчта дубль авторы атанды.
Осы ойыннан кейін Криштиану Роналду әлемдік рекордын жақсарта түсті.
Маусым қорытындысы бойынша "Әл-Наср" 86 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орын алды. Осылайша клуб Криштиану Роналдумен бірге алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу