Судья Ернар Жиенбайды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Руслан Берденовке қастандық жасаған сотталушының қамаудағы бір күні бір жарым күнге есептелмек.
Сот "Е.Жиенбайдың сот тергеуінде кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдемелермен толықтай дәлелденді" деп мәлімдеді.
Бірнеше күн бұрын прокурор Ернар Жиенбайды 11 жыл, 3 айға соттауды сұраған еді.
Бұған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған Ернар Жиенбай соттағы соңғы сөзінде "Қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін" деген мәлімдеме жасаған-ды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу