Руслан Курбанов әлем кубогының жеңімпазы атанды

124

Ел тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы семсерлесуден әлем кубогында алтын медальға қол жеткізді.

Руслан Курбанов әлем кубогының жеңімпазы атанды Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы 1/32 финалда командадағы әріптесі Эльмир Алимжановты 15:14 есебімен жеңді. Одан кейін ол Венгрия өкілі Давид Надьды - 15:13, Жапониядан келген Акира Коматаны - 15:11 есебімен ұтты.

Ширек финалда Руслан қазақстандық Никита Жулинскийден 12:11 есебімен басым түсті. Ал финалға жолдама беретін кездесуде Нидерланды спортшысы Тристан Тюленді 15:9 есебімен сенімді түрде жеңді.

Алтын медаль үшін күресте финалда Руслан Курбанов Италия өкілі Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен тізе бүктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу