Рыбакина әлемдік рейтингте бір саты төмендейді

535

Ертең, дүйсенбі 7-тамыз күні WTA жаңартылған әлемдік рейтингті жариялайды.

Рыбакина әлемдік рейтингте бір саты төмендейді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінің үздік үштіктен бір саты төмендейді. Рыбакинаны үшінші орыннан 29 жастағы Джессика Пегула ығыстырады. Америкалық теннисші Вашингтонда (АҚШ) өткен WTA-500 турниріндегі өнерінің арқасында WTA рейтингінің үздік үштігіне қайта оралады. Дүйсенбі күні қауымдастық бұл туралы ресми түрде хабарлайды. Бүгінгі таңда қазақстандықтың 5 465 ұпайы, ал америкалық теннисшінің 5 480 ұпайы бар. Вашингтондағы турнирден кейін Пегуланың максималды ұпайы 5 675 болады. Нәтижесінде Елена бір саты төмендейді.

Бұған дейін Пегула Вашингтонда өткен турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Бірақ күтпеген жерден жеңіліс тапты. Пегула грекиялық Мария Саккаримен (WTA рейтингінде 9-шы) кездесуде фаворит саналды, бірақ оған үш сетте есе жіберді - 3:6, 6:4, 2:6.

Рыбакинаның Уимблдондағы өнерінен кейін әлі WTA турнирлеріне қатыспағанын айта кетейік. Қазіргі таңда ол Монреальда (Канада) өтетін WTA-1000 жарысына қатысуға дайындалуда. Елена осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелгендіктен бірінші айналымға қатыспай, жарысты 1/16 финалдан бастайды.  Онда Рыбакина Дженнифер Брэди (АҚШ) - Елена Остапенко (Латвия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Турнирдің жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Қомақты жүлдеден бөлек канадалық турнирде жеңімпаз 900, финалист – 585, жартылай финалист – 350 рейтингтік ұпайға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу