Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңа рейтингіні жариялады.  

Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты Фото: rbc.ru

Онда Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 13-орыннан бір саты жоғарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 43-орында тұр. Ал Зарина Дияс 262-ден 269-ға бір-ақ сырғыса, Жібек Құламбаева 300-ден 292-ге көтерілді.

WTA рейтингісінде Беларусь өкілі Арина Соболенкоге тең келер ешкім болмай тұр, сондай-ақ америкалық Кори Гауфф пен поляк Ига Швентек үздік үштікке жайғасқан.

Еске салайық, Е.Рыбакина мен Ю.Путинцеваның Вашингтон WTA 500 турниріндегі нәтижесі рейтингте әсер етеді, яғни жағдайын әлі де жақсартуға мүмкіндігі мол.

Е.Рыбакина Вашингтонда жұптық сында да бақ сынайды. Ол британиялық Эмма Радуканумен бірге кортқа шығады. Жұптық сында әлемдік рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 10-орнын сақтап тұр, ал Ю.Путинцева 57-ге жайғасты. Өкініштісі, Жібек Құламбаева 122-ден 128-ге төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу