Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастап, келесі кезеңге өтті

128

Ол екінші айналымда румыниялық Елена-Габриэла Русемен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті.  

Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастап, келесі кезеңге өтті Фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Madrid Open турнирін сенімді камбэкпен бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кездесудің алғашқы сетінде қарсыласы 6:4 есебімен басым түсті. Алайда бұдан кейін Рыбакина ойынды өз қолына алып, келесі партияларда 6:3, 7:5 есебімен жеңісті жұлып алды. Матч шамамен екі жарым сағатқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Ал Русе 2 эйс және 5 брейкпен көзге түсті.

Енді Рыбакина келесі айналымда әлемнің 36-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Ол өз кезегінде америкалық София Кенинді 1:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу