Елена Рыбакина Мадрид турнирінен кейін рейтингте тағы бір саты төмендеді

292

Жер жаһанның ең үздік теннисшілері бас қосқан Мадрид турнирінде еліміздің бірінші ракеткасы 3-айналымнан әрі аса алмады. 

Елена Рыбакина Мадрид турнирінен кейін рейтингте тағы бір саты төмендеді Фото: livesport.ru

WTA 1000 сериясындағы Мадрид ашық чемпионатында үшінші кезеңде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолинаға 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп, турнирді ерте аяқтады. Ал Свитолина 1/8 финалға шықты, онда грек теннисшісі Мария Саккариға қарсы ойнайды.

Турнир 2025 жылдың 22 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Мадридтегі топырақ төсенішті корттарында өтуде. Турнирдің жүлде қоры 7 854 000 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 985 030 еуро сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Сондай-ақ, үшінші айналымда Мария Саккари (8) Жасмин Паолиниді (6) 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

1/8 финалда Свитолина Мария Саккариға қарсы ойнайды. Бұл олардың бесінші кездесуі болмақ. бұрынғы төрт кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған. Саккари 2023 жылы екі соңғы кездесуде жеңіске жеткен. 

Свитолина мен Саккари арасындағы матч бүгін, 28 сәуірде, №5 кортта өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 14:30-да басталады.

Сонымен қатар, 17 жасар ресейлік теннисші Мирра Андреева (17) Магда Линеттті (29) 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, Мадрид турнирінде үш жыл қатарынан 1/8 финалға шықты.

Турнирдің қазіргі чемпионы польшалық теннисшісі Ига Швентек. Ол өткен жылы үш сеттен тұратын финалда Арина Соболенконы жеңген болатын. Ал биылғы жарыста 3-кезеңде Ига Швентек Клара Носкованы 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, турнирде жеңіс сериясын сегіз матчқа жеткізді.

Айта кетейік, үш айналымға дейін өнер көрсеткен отандасымыз Елена Рыбакина 65 рейтингтік ұпай мен 52 925 еуро табыс тапты. Дегенмен бұл ұпай Еленаға әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалуға жеткіліксіз.

Осылайша, Рыбакина 12-сатыға бірақ түсті. Енді оған кем дегенде үздік ондық қатарына қайта оралу үшін біраз тер төгуге тура келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу