Рыбакина Майамиде жеке рекордын жаңартты

675

Елена Рыбакина биылғы маусымда керемет нәтиже көрсетуде.

Рыбакина Майамиде жеке рекордын жаңартты

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакина испаниялық Паула Бадосадан басым түсті. Тартысты матчта Елена 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы жеңісінің арқасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұл оның WTA-дағы қатарынан 10-шы жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші екі рет қатарынан жеті матчта жеңіске жетіп, 2022 жылы Уимблдонда чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде испаниялық Паула Бадосадан басым түскен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді.

"Мен бірінші сет жақсы өтті деп айта алмаймын. Бірақ соңында барымды салдым. Допты ойынға қосуға көбірек көңіл бөлуге тырыстым және кортта жақсы қозғала бастадым. Бұл расымен де қиын жекпе-жек болды. Әр сәтке назар аударуға тырыстым. Жалпы қарсыласым жақсы ойнады. Үш сетте де жеңіске жеткеніме қуаныштымын!", - деді Рыбакина WTA ресми сайтына берген сұхбатында.

Майамидегі турнирдің 1/8 финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы хорват қызы Петра Мартичті үшінші айналымда жеңген бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Матч Астана уақытымен 28 наурыз күні таңға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу