Рыбакина Санк-Петербургтегі турнирдің 2-айналымына өтті

1322

​Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербургте өтіп жатқан турнирде чех қызы Катержина Синякованы жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.

Рыбакина Санк-Петербургтегі турнирдің 2-айналымына өтті

1 сағат 19 минутқа созылған кездесуде 20 жасар спортшы қыз үш брейк және екі эйс жасады. Кездесудің есебі - 6/3, 6/4.

Әлемдік рейтингте 59-орынға жайғасқан 23 жасар Синякова қарсыласының геймінде бір рет жеңіске жетіп, үш мәрте қосарланған  қателік жіберді.

Осылайша, St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің екінші айналымында Рыбакина латвиялық Анастасия Севастоваға немесе франциялық Каролин Гарсияға қарсы өнер көрсететін болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу