Рыбакина үшінші айналымға шықты

1141

Ендігі қарсыласы мінезді теннисші. Оны жеңбей тыным жоқ. 

Рыбакина үшінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті.

Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Елена келесі айналымда испаниялықтар, әлемнің 22-ракеткасы Паула Бадоса немесе рейтингте 88-сатыдағы Нурия Парризас-Диастың біреуімен шеберлік байқасуы тиіс еді. Нәтижесінде Пауло Бадоса Хибберт жеңіске жетіп, Рыбакинаға қарсылас атанды. Елена испаниялық теннисшімен 5 рет кездесіп, 4 рет жеңіліп қалған. Тек 2019 жылы ғана қазақстандық теннисші Хибберттен басым түскен. Ал кейінгі рет бұл қарсыластар Билли Джинг Кинг жарысында кездесті. Қазақстан – Испания құрамалары арасындағы сол ойында Хибберт 6:2, 3:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті. Соның салдарынан Қазақстан құрамасы плэй-офф сатысына шығатын мүмкіндіктен айырылып қалды.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу