Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

83

IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы барлық салмақта өнер көрсетіп жатыр. 

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сәкен Бибосынов (54 кг) Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы айналымда Катлего Кеопарецені 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. 

75 келіде Сабыржан Аққалықов Джошуа Кузинді нокаутпен жеңіп келесі кезеңге шықты. 
51 келіде Даниял Сәбит Келвин Майнаны 5:0 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы Кабо-Верде мен Эквадор кездесуінде анықталады.

Сондай-ақ бүгін Серік Теміржанов та шаршы алаңға шығуы тиіс. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтуде. Жеңімпаздар 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола иегерлері 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Сыйақы мынадай үлеспен бөлінеді: 50% - боксшыға, 25% - бапкерге, 25% - ұлттық федерацияға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу