Салтанат Нүкенованың аты Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалар қатарына қосылды

594

Бұл туралы марқұмның ағасы хабарлады. 

Салтанат Нүкенованың аты Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалар қатарына қосылды Фото: Aitbek Amangeldi

Қостанай облысындағы пантеонда Салтанат Нүкенованың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі инженер-құрылысшы, ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, меценат Сапар Ысқақов негізін қалаған "Амангелді" туристік кешені Амангелді ауылында орналасқан. Мұнда мемориалды қабырға мен пантеон орналасқан. 

"Пантеонда Қазақстан тарихында із қалдырған танымал тұлғалардың аты-жөні жазылған. Бұл қатарда Салтанаттың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Осыған дейін Павлодардан топырақты бұл пантеонға жіберген болатынбыз. Ол мемориал ішіне капсула ретінде қойылды. Мұнда Салтанатты Қазақстан тарихына ықпал еткен тарихи тұлғалардың қатарына жатқызған", – деді Айтбек Амангелді.

Айта кету керек, 2024 жылдың мамыр айында Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Экс-министр 24 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу