Салықтық түсімдер бес айдың қорытындысы бойынша 15,2%-ға өсті

12199

Есеп беру күнгі республикалық бюджет тапшылығы 384 млрд теңге болып, бір айда 30%-ға артты.

Салықтық түсімдер бес айдың қорытындысы бойынша 15,2%-ға өсті

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бюджеттері (ауылдың, ауданның, қаланың, облыстың) және тиісті заңмен бекітілетін республикалық бюджет бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады. Сондай-ақ талдамалық ақпарат ретінде бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет де қалыптастырылады.  

Мемлекеттік бюджет олардың арасында өзара өтелетін операцияларды есепке алмай, республикалық және жергілікті бюджеттерді қамтиды.  

Шоғырландырылған бюджет мемлекеттік бюджетті, сондай-ақ олардың арасында өзара өтелетін операцияларды есепке алмағандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен шығыстарды қамтиды. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар Ұлттық қорға түсетінін атап кету керек.

2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша елдің шоғырландырылған бюджеті 253,9 млрд теңге (ай бұрын – 187 млрд теңге) тапшылықты көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз қызметі. Алайда Ұлттық қордың 2019 жылдың бірінші тоқсанын басқарудан түскен есептілікке енгізілмеген инвестициялық табысты есепке ала отырып, шоғырландырылған бюджет қосымша 142,2 млрд теңге профицитпен қалыптасты. 2019 жылға арналған түзетілген бюджетке сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджеттің профициті 622,4 млрд теңге болады деп жоспарлануда.

Дереккөз: ҚР ҚМ

Кірістер

2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша бюджетке түсетін жиынтық салық түсімдері 5 113,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,2% - ға жоғары. Бұл ретте республикалық бюджетке түскен салық түсімдері 19,5% - ға, ал жергілікті бюджетке түскен түсімдер 6,9% - ға ғана өсті. Республикалық бюджетке қатысты ҚҚС бойынша түсімдер 27,6% - ға, 1 057,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық қорға салық түсімдері бес айдың қорытындысы бойынша 13,4% - ға өсті. Айта кетейік, Ұлттық қордың активтері 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 122,2 млрд теңгеге, 26 184,4 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: ҚР ҚМ

Шығыстар

Биылғы жылдың бес айында шоғырландырылған бюджеттің жиынтық шығыстары 26,1% - ға өсіп, 5 208,6 млрд теңге болды, бұл 13 458,7 млрд теңге болатын жылдық бюджеттің 38,6% -ға орындалуына сәйкес келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға жоспарланған шығыстардың 50,9% – ы бюджеттің әлеуметтік баптарына-әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге (3,2 трлн теңге), білім беруге (2,2 трлн теңге) және денсаулық сақтауға (1,3 трлн теңге) тиесілі. Қаңтар-мамырда аталған баптар бойынша шығыстар 2 731,0 млрд теңгені немесе кезең ішіндегі барлық шығыстардың 52,4% - ын құрады. Биылғы жылы шығыстар бюджеттің барлық баптары бойынша өсуде. Сонымен қатар ең жоғары өсім өзге де шығыстарды көрсетеді –  яғни 421,1 млрд теңге (5,5 есе). Сондай-ақ әлеуметтік көмек/қамтамасыз ету шығыстары 248,8 млрд теңгеге (+22,7%) , ал білім беру шығыстары 111,7 млрд теңгеге (+14,8%) өскен.

Дереккөз: ҚР ҚМ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу