Самарқан-Түркістан бағытында жоғары жылдамдықтағы пойыз жүруі мүмкін

8707

Қазақстан мен Өзбекстан бүгінде жоғары жылдамдықтағы пойызды темір жолға шығару жағын қарастырып жатыр.

Самарқан-Түркістан бағытында жоғары жылдамдықтағы пойыз жүруі мүмкін

Қазіргі таңда, екі ел арасында көлік қатынасы бар. Бұл жоба өз кезегінде қазақ-өзбек туризмнің дамуына үлкен ықпал етпек.

"Самарқан-Түркістан бағытында жоғары жылдамдықтағы пойызды шойын жолға шығару бойынша қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келесі қадам Орта Азиялық шенгенге айналатын Silk Visa жасау, жеңілдетілген ортақ турпакет және ортақ туристік инфроқұрылымды құру мәселесі болмақ. Ол дегеніміз жолдар мен қонақүйлер салу, екі ел шекарасында жасыл дәліз құру", – дейді қазақ елінің Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Алматы мен Ташкент арасында "Тұлпар-Тальго" жоғары жылдамдықтағы пойызы жүре бастаған. Екі алып шаһар арасында жолаушылар 17-18 сағат жол жүреді. Жол жөнекей ол пойыз Отар, Шу, тараз. Шымкент, Сарыағаш бекеттеріне тоқтайды.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу