Самат Смақов қызметінен кетті

230

Талдықорғандық ұжымды баптаған маман команданың премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға көмектесті. 

Самат Смақов қызметінен кетті

Самат Смақов 2024 жылдың желтоқсанында талдықорғандық ұжымның бас бапкері болып тағайындалып, жалпы 27 матчта 4 жеңіс, 9 тең ойын және 14 жеңіліс көрсетті. Соған қарамастан, "Жетісу" Премьер-лигада орнын сақтап қалды (12-орын).

Қазақстанның төрт мәрте үздік футболшысы атанған Смақов бұған дейін "Ордабасы" мен "Елімайда" жұмыс істеп, 2023/24 маусымында Лига Кубогын жеңген болатын.

Бейресми ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, Самат Смақовқа Қырғызстан чемпионатынан ұсыныс түскен. Бішкектің "Азиягол" клубы қазақстандық маманға қызығушылық білдірген. Команда сапында ҚПЛ жанкүйерлеріне таныс Антон Землянухин мен Қазақстанның жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Рауль Жәлилұлы өнер көрсетеді. Ал, клуб басшылығы бас бапкер қызметіне бірнеше кандидатураны қарастырып жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу