Саматбек Ізімғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

3354

Грек рим күресінен Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Саматбек Ізімғали 45 келіде әлем чемпионы атанды.

Саматбек Ізімғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Айта кету керек, балуанымыздың бұл турнирдегі жеңісті жолы оңай болған жоқ. Бұл бәсекеде боз кілемге ең жеңіл салмақта көтерілген Саматбек, жаурынына жер иіскетпей жртылай финалға дейін келді. Финалдық жолдама үшін таласта Иран елінен келген қарсыласынан басым түскен болатын. Ал, финалда ол өзбек балуанын айқын басымдықпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саматбек Ізімғали биыл кәдеттер арасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу