Самбодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын алды

248

Бүгін Париж қаласында франциялық әйгілі жаттықтырушы Давид Херанның құрметіне арналған халықаралық самбо турнирі аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Самбодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын алды Фото: sambo.qazaqstan

Қазақстан самбо федерациясы беделді жарыста отандастарымыз керемет нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Қазақстандық самбошылар 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Нұрбол Серіков, Қонысбай Махамбет, Арайлым Әбенова жеңіс тұғырынан көрінсе, Нұржан Жұмажан күміс жүлде еншіледі.

Осылайша, Нұрбол Серіков халықаралық турнирде қайтадан үздіктер қатарынан көрінді. Балуан 2018 жылы 68 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы атанған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу