Германияда өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстан құрамасы үшін тарихи сәт тіркелді – алғашқы алтын медальді таеквондошы Самирхон Абабакиров жеңіп алды.
Финалда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абабакиров түркиялық Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, оны раундтар бойынша 2:0 есебімен (12:11, 11:3) жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы алтын медаль иеленсе, оның қарсыласы күміске қол жеткізді.
Бұған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу