Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

91

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу