Сан-Паулуда 750 келі алтын қолды болды

2223

Сан-Паулу қаласында полицейлер киімін киген қаскөйлер 750 килограм алтынды ұрлап кетті.

Сан-Паулуда 750 келі алтын қолды болды

Бұл туралы BBC агентігі хабарлады. Ресми дерекке сүйенсек, қолды болған бағалы металдың құны 30 млн доллар. Алтын Нью-Йорктен Цюрих қаласына жеткізілмек болған.

Оқиға қаладағы әуежайда орын алған. Тәртіп сақшылардың киімін киген белгісіз екі адам ғимаратқа екі көлікпен келеді. Қолдарында қару болған. Олар инкассаторлық көлікті тонап іздерін суытып үлгерген.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, бағалы заттың қайда орналасқанын білу үшін тонаушылар терминалдағы логистикалық операция басшысының отбасын кепілге алған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір тәртіп сақшылары осы іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу