Қазақстандық спортшы Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Бұл – аралас жекпе-жектің Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілуі. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі болды.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу