Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды

210

ММА бойынша Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші алтын медальға қол жеткізді.

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жолы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Қартай чемпион атанды.

Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.

Айта кетейік, осы спорт түрінен бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Амелина Бакиева алғаш болып алтын медаль иеленген еді.

Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу