50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Өзбекстан өкілі, Азия чемпионы Асилбек Жалиловпен кездесті. Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Санжар Тәшкенбайға берді.
Ширек финалда Санжар Тәшкенбай Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен кездесіп, толық басымдық танытты. Жекпе-жек барысында қарсыласқа еш мүмкіндік бермей, айқын 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда қазақстандық боксшы Испаниядан келген Мартин Молина Сальвадормен жұдырықтасты. Бұл кездесуде де Санжар Тәшкенбай жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, қарсыласын толық басымдықпен – 5:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай турнир бойы сенімді өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем кубогының чемпионы атанды.