Санжар Тәшкенбай WBC рейтингінде бірден 35-орынға жайғасты

203

Боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне енді.  

Санжар Тәшкенбай WBC рейтингінде бірден 35-орынға жайғасты Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

WBC жариялаған жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы бірінші ең жеңіл салмақта 35-орынға жайғасты.

Бұл дивизионда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы жапониялық Сёкити Иватаға тиесілі. Ал рейтингтің алғашқы үштігіне Таиланд өкілі Нокаут Си-Пи Фрешмарт, Доминикан Республикасының боксшысы Эрик Роса және филиппиндік Реджи Суганоб кірген.

Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютін 28 тамызда Астанада өткен бокс кешінде өткізді. Ол филиппиндік Нил Джакамосты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, Тәшкенбай қарсыласын бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы WBA Asia аймақтық чемпиондық белбеуін иеленді. Қазір оның кәсіпқой бокстағы нәтижесі – 1 жеңіс, 0 жеңіліс.

WBC-дің жаңартылған рейтингінде басқа қазақстандық боксшылардың да орындары белгілі болды. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орнын сақтап қалды. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді. Жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов 28-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу