Сарапшы сайлау жайлы: Мұның артында бәрін жаңа беттен бастау мақсаты тұр

2205

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Мемлекет басшысының президент сайлауын жариялау туралы ұсынысына орай пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сарапшы сайлау жайлы: Мұның артында бәрін жаңа беттен бастау мақсаты тұр

"Осыдан біраз уақыт бұрын конституциялық референдумда Президент сенім мандатын емтиханнан өткізіп көрді. Ол шынында да, сенім мандаты болатын. Күзде өтетін сайлау туралы айтар болсақ, меніңше, сол референдумнан кейінгі инновацияны бекітіп алудың талпынысына ұқсайды. 7 жылдық мерзіммен бәрін жаңа беттен бастау мақсаты тұр. Жолдауда жарияланған әлеуметтік-экономикалық басымдықтар ауқымды президенттік бағдарламаға ұласатаны түрі бар. 7 жыл ішінде бәрі сәтті болса, онда елдің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын шынында да өзгертіп алуға болады", – деді Талғат Қалиев.

Сарапшыдан президенттің 7 жылдық мерзім туралы пікірін сұрап көргенбіз. Талғат Қалиев "президент 5 жылмен бірнеше рет президент болса, бір рет қана 7 жыл президент болған абзал" деп күле жауап берді.

"Мәселен, АҚШ-та президентке саяси платформасын қалыптастырып алу үшін 4 жылмен екі рет президент болып сайлану жеткілікті. Ал бір реттік 4 немесе 5 жыл президент болу мерзімі аздау", – деді ол.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауда "биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын".

Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. 

"Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", – деді Президент.

Аян Бекенұлы

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться