banner

"Сарыарқа" командасы "Ақтөбеге" қарсы өткен алғашқы ойында жеңіске жетті

1912

Бүгін қос команда арасында қарымта матч өтеді.

"Сарыарқа" командасы "Ақтөбеге" қарсы өткен алғашқы ойында жеңіске жетті

"Сарыарқа" хоккей клубы "Ақтөбеге" қарсы өткен бірінші ойында жеңіске жетті. Бұл матчта қарағандылықтар сапынан Владислав Жабунин дебюттік шайбасын соқты. Бірінші кезең өте тартысты өтті. Командалардың қақпашылары сенімді әрекет етті. Ұзақ уақытқа дейін гол соғылмады. 13-минутта Айдос Жорабектің шығарған пасынан кейін жас шабуылшы Владислав Жабунин жанкүйерлердің үмітін ақтады. Командалар үзіліске "Сарыарқаның" пайдасына 1:0 есебімен кетті.

Екінші жиырма минутты айдын иелері белсенді бастады. 43 секундта-ақ "Ақтөбе" ойыншылары есепті теңестірді. Бірақ арада бірнеше минут өткенде "қырандар" ойыншылар санының басымдығын сауатты пайдаланып, Кирилл Беляев гол соқты. Оған Саян Данияр мен Кирилл Кожевниковтер көмектесті. Қарағандылық хоккейшілер мұнымен шабуылын тоқтатқан жоқ. Сәлден кейін "Сарыарқаның" үздік бомбардирі Никита Аноховский есепті еселей түсті. Осыдан кейін "Ақтөбе" ойыншылары басымдықты қолға алды. Екі минуттың ішінде Жәкен Ибрагимовтың қақпасына екі гол соғып, команданың жағдайын жақсартты. Ойын соңына қарай Денис Қаратаев айдынға шықты. Екінші кезеңнен кейін есеп 3:3 болды.

Үзілісте "Сарарқаның" бас бапкері хоккейшілеріне жақсы ақыл айтса керек, матчтың соңғы кезеңі қарағандылық команда үшін өте сәтті болды. 53-минутта Михаил Рахманов командасын алға шығарды. Ал бос қақпаға дәл соққы жасаған Степан Грымзин ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, "Сарыарқа" "Ақтөбемен" алғашқы кездесуде 5:3 есебімен жеңіске жетті. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де қос команда арасында екінші кездесу өтеді.

"Ақтөбе" - "Сарыарқа" 3:5 (0:1, 3:2, 0:0)

Шайбалар:
0:1 - 12:23: Жабунин (Жорабек)
1:1 - 20:43: Зинченко (Зубковский, Кутугин)
1:2 - 22:46: Беляев (Кожевников, Данияр)
1:3 - 24:22: Аноховский (Сиксна, Кулиев)
2:3 - 35:01: Потайчук (Харькин, Ковзалов)
3:3 - 36:44: Сошников (Зинченко)
3:4 - 52:11: Рахманов (Кулиев, Воронков)
3:5 - 57:42: Грымзин (Беляев)

ҚақпашыларТихонов - Ибрагимов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу