"Сарыарқа" биылғы жылдың соңғы матчын жеңіспен аяқтады

1493

"Сарыарқа" биылғы маусымның соңғы матчында "Снежные Барсы" командасымен кездесіп, қарсыластарын 8:1 есебімен жеңді.

"Сарыарқа" биылғы жылдың соңғы матчын жеңіспен аяқтады

Екі команда арасындағы тартысты кездесу 28-желтоқсан, "Қарағанды-Арена" спорт сарайында өтті. Бұл "Сарыарқа" (Қарағанды) мен "Снежные Барсы" (Нұр-Сұлтан) клубтары арасындағы екінші ойын. Екі команда да бұл матчты тең ойын мәнерімен бастады. Шабуылдар тоқтамады. Алғашқы кезеңнің екінші жартысында-ақ қарағандылықтар басымдылық танытты. 13-минутта Михаил Рахманов Шинкарецкий мен Пономаревтің көмегімен алғашқы голды соқты. Осы 20 минут ішінде Сергей Голоднюк пен Евгений Шинкарецкий де көзге түсті. Бірінші кезең 3: 0 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде Сарыарқаның басымдылығы одан сайын арта түсті. 33-минутта Владислав Никулин қар барыстарының қақпасына төртінші голды соқты. 35-минутта Никита Аноховский бесінші голды Марков пен Голоднюктің көмегімен соқты. .

Үшінші 20-минуттық кезеңде төрт гол соғылды. 45-минутта Дмитрий Михайлов Никулин мен Поповтың арқасында есепті еселей түсті. Қар барыстары есепті 46 минутта ғана өзгертті. Игорь Ищенко қонақтардың қақпасына жалғыз шайбаны соғып, есеп айырмашылығын өзгертуге талпынды. Одан кейін, 48-минутта, Владислав Никулин екінші рет гол соқты. Бұл кездесудегі соңғы нүктені Сергей Голоднюк қойды. Ол Аноховскийдің көмегімен "Снежные Барсы" командасының қақпасына сегізінші голды соқты.

Кездесу ақталған соң "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері ойынға қатысты өз пікірімен бөлісті.

"2020-жылдың ойын бағдарламасы аяқталды. Біздің команда алғашқы үштікке енді. Бұл нәтижені жақсартудың тамаша бастауы. Ертең біз чемпионатты жалғастыруға дайындықты бастаймыз. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтағым келеді! Нағыз хоккей ойнап, бір-бірімізді қуанту үшін жанкүйерлерімізге трибунаға қайта оралуын тілейміз!", - деді матч аяқталғаннан кейін "Сарыарқа" ХК бас бапкері Александр Соколов.
"Сарыарқа" - "Снежные барсы" - 8:1 ОТ (3:0; 2:0; 3:1)

Голдар:
1:0 - Рахманов (Шинкарецкий, Пономарев) - 12:58
2:0 - Голоднюк (Аноховский) - 19:16
3:0 - Шинкарецкий (Зеленков, Сиксна) - 27:42
4:0 - Никулин - 32:13 ГМ
5:0 - Аноховский (Марков, Голоднюк) - 34:57
6:0 - Михайлов (Никулин, Попов) - 44:55
6:1 - Ищенко (Комаров, Сулейменов) - 45:50
7:1 - Никулин (Михайлов, Безруков) - 47:51 ГБ
8:1 - Голоднюк (Аноховский) - 56:26

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу