"Сарыарқа" қатарынан екінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды

1405

Финалдық кездесуде "Сарыарқа" "Ақтөбе" командасын 4:1 есебімен жеңді.

"Сарыарқа" қатарынан екінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды

Алғашқы кезеңнің 5-минутында Михаил Рахманов командасын алға шығарды. Жалпы командалар бірінші таймының көп бөлігін "Ақтөбе" аймағында өткізді. Дегенмен, қонақтарды қақпашысы Дмитрий Шаров құтқарып қалды. Нәтижесінде командалар үзіліске 1:0 есебімен кетті.

Екінші жиырма минутта ойын үлгісі өзгерген жоқ. 6-минутта Кирилл Полохов қарағандылық команданың басымдығын еселеді. Ал кезеңнің дәл ортасында Вадим Зеленков Кирилл Полохов пен Кирилл Беляевтың шығарған пасынан кейін есеп айырмашылығын үш голға дейін жеткізді. Екінші үзіліске дейін қонақтар Денис Каратаевтың қақпасына соқты. Алайда, бейнежазбаны қайталап көргеннен кейін шайба есепке алынбады. Командалар 3:0 есебімен екінші үзіліске кетті.

Соңғы кезеңде "Сарыарқа" басымдығын сақтап қалды. "Сары-қаралардың" матчтың нүктесін қою үшін бірнеше жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда шайба ақтөбеліктердің қақпасынан табылмады. Үшінші кезеңде қонақтар өздерінің мүмкіндіктерін толық пайдаланды. 50-минутта "Ақтөбе" қарағандылық команда ойыншысының айдыннан қуылғанын пайдаланып, есеп айырмасын азайтты. Бірақ, көп күттірмей, араға екі минут салып Денис Федоров есеп айрмашылығын қайта үш голға жеткізді. Нәтижесінде "Сарыарқа" екі дүркін Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

 "Сарыарқа" (Қарағанды) - "Ақтөбе" (Ақтөбе) 4:1 (1:0,2:0,1:1)

04:43 - 1:0 - Михаил Рахманов (Эмиль Нурглиев, Дмитрий Молодцов)

25:29 - 2:0 - Кирилл Полохов (Кирилл Кожевников, Андрей Яковлев)

29:19 - 3:0 - Вадим Зеленков (Кирилл Полохов, Кирилл Беляев)

49:33 - 3:1 - Иван Иванов

4:1 — 51:06 Фёдоров (Кожевников, Ларионов).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу