"Сарыарқа" сериядағы есепті теңестірді

1353

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында "Арлан" "Сарыарқамен" екінші финалдық ойында соңғы минуттарда қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды.

"Сарыарқа" сериядағы есепті теңестірді

Көкшетаулықтар екінші жеңіске жетуге біртабан жақын болды. Алайда айдын иелері алдымен кездесуді овертаймға жалғастырып, Михаил Рахмановтың қақпаға бағыттаған дәл соққысының арқасында сериядағы есепті теңестірсе, Қарағанды ​​хоккей мектебінің тағы бір түлегі Александр Борисевич кездесудің нүктесін қойды. Осылайша сериядағы есеп теңесті – 1:1. Келесі матч Петропавлда 20-сәуір күні өтеді.

"Сарыарқа" - "Арлан" 4:3 ОТ (2:2, 0:0, 1:1, 1:0)

1:0 – 02:08 – Беляев (Борисевич, Ширяев), 1:1 – 08:27 – Меньщиков (Лихотников), 2:1 – 14:37 – Беляев (Борисевич, Ширяев), 2:2 – 18:18 – Жиляков (Евграфов, Лукин), 2:3 – 48:43 – Боровков (Акишин), 3:3 – 58:13 – Рахманов (Барбашев, Аноховский), 4:3 – 74:25 – Борисевич (Ширяев). ҚақпашыларКрамарь – Румянцев

Ал турнирдің регламентіне сәйкес, ½ финалдың қорытындысы бойынша жеңіліске ұшыраған және тұрақты чемпионаттың нәтижесі бойынша жоғарырақ орын алған команда қола жүлдегер болады.

Жартылай финалдық серияларда "Номад" пен "Бейбарыс" шығып қалды. Бұл ретте елордалық ұжым тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бесінші, ал "Бейбарыс" үшінші орын алды. Осылайша, Артём Аргоковтың шәкірттері Pro Ligasy-ның қола жүлдесін иеленді. 17 сәуірде Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Коммуникацияларды дамыту орталығында "Бейбарыс" командасын марапаттау рәсімі өтті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу