"Сарыарқа" тағы финалда

1600

Хоккейден Қазақстан чемпионатының финалының алғашқы матчтары "Сарыарқа" мен "Арлан" арасында 16-17 сәуір күндері өтеді.

"Сарыарқа" тағы финалда

Тұрақты маусымның жеңімпазы ретінде "Сарыарқа" хоккейшілері астаналық "Номадқа" қарсы серияны өз алаңындағы ойындарымен бастаған болатын. Екі команда арасындағы алғашқы текетіресте негізгі уақыт жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Нәтижесінде барлығы қосымша уақытта шешілді. Степан Грымзин бұл кездесуді 71-минутта ойынның нүктесін қойды. Матчтан кейін бұл гол ұзақ талқыланды. Келесі күні ҚХФ республикалық жарыстарды өткізу бөлімі соғылған голға қатысты жағдайды түсіндіріп, мәселенің нүктесі қойылды. Осылайша, қарағандылықтар бірінші ойында маңызды әрі әділ жеңіске жетті.

Екінші кездесу де өзара өткір шабуылдармен есте қалды. Статистикаға сүйенер болсақ қарағандылық команда басымдыққа ие болған екен. Айта кетейік, қос команда арасындағы екінші ойын да төрешілер тобының даулы шешімдерінсіз қалмады. Финалдық ысқырыққа 26 секунд қалғанда есеп 4:3 болды. Сол уақытта Қарағанды ​​хоккей мектебінің түлегі Александр Борисевич Никита Бояркиннің қақпасына шайба лақтырды. Бірақ өкінішке орай гол есептелмеді.

Осыдан кейін "Сарыарқа" "Номад" командасымен қонақта өткен матчтарда, екі кездесуде бірдей 4:2 есебімен жеңіске жеткен.

Екі команда арасындағы бесінші кездесу кеншілер астанасында, "Қарағанды ​​Арена" мұз айдынында өтті. "Номад" жеңілген жағдайда бұл олар үшін маусымдағы соңғы ойын болар еді. Ал нұр-сұлтандық жігіттер ерте тізе бүге қойған жоқ. Нәтижесінде кездесу 5:3 есебімен "Барыстың" фарм клубының пайдасына аяқталып, сериядағы ойынды жалғастыру үшін хоккейшілер еліміздің астанасына жол тартты.

"Сарыарқа" жартылай финалдық ойындар сериясының сырт алаңдағы кездесулерінде өте сенімді ойнады. Алтыншы матчта қарағандылықтар 4:0 есебімен жеңіске жетіп, Pro Hokei Ligasy-ның финалына шықты.

Финалдық кездесулер "Сарыарқа" мен "Арлан" арасында 16-17 сәуірде Қарағандыда 17:00-де басталады. Ал 21-22 сәуір күні 19:00-де қарымта матчтар өтеді. Жеңімпаз анықталмаған жағдайда сериядағы кездесулер одан әрі жалғасып, 24, 27, 30 – сәуір күндері хоккейшілер тағы да кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу