"Сарыарқа" тамаша камбэк жасады

1542

Қарағандылық хоккей клубы "Номадпен" кездесіп, сериядағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

"Сарыарқа" тамаша камбэк жасады

Про Лигасының жартылай финалының төртінші матчында, бірінші кезеңде "сары-қаралар" белсенді болды деп айта алмаймыз. Алдымен 8-минутта Максим Мұхаметов астаналықтарды алға шығарды. Бір минуттан кейін Валерий Орехов пен Самат Даниярдың шығарған пасынан кейін Аркадий Шестаков "Номадтың" басымдығын еселей түсті. Алғашқы үзілісте таблодағы есеп 2:0 болды.

Екінші жиырма минуттық кезеңде қарағандылықтар басымдықты қолға алды. Бірақ өкінішке орай Никита Бояркиннің қақпасынан саңылау табу мүмкін болмады. Гол соғатын сәттер болды. Бірақ шабуылдар нәтижесіз аятқталып жатты. Қарағанды ​​хоккей мектебінің түлегі Владимир Крамардың орнына келген Жәкен Ибрагимов те кезекті шабуылда мүлт кетті. Осылайша, 2-кезеңде де есеп өзгеріссіз, айдын иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.  

Матчтың соңғы кезеңінің төртінші минутында Кирилл Кожевников гол соқты.

Айта кету керек, алғашында "Сарыарқа" хоккейшілері 3/5 форматында өнер көрсетті. Екі минуттан кейін Сергей Барбашев есепті теңестірді. Оған гол соғуға Никита Аноховский мен Михаил Рахманов көмектесті. Арада үш минут өткенде Рахманов "Сарыарқаны" алға шығарды. Сәлден соң Денис Федоров есепті 4:2-ге дейін жеткізіп, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша қарағандылық хоккейшілер елордада маңызды жеңіске қол жеткізді.

"Номад" - "Сарыарқа" 2:4 (2:0,0:0,0:4)
1:0 - 07:31 Мұхаметов (Пархоменко)
2:0 - 08:48 Шестаков (Орехов, Данияр)
2:1 - 42:51 Кожевников (Сиксна, Барбашев) ГМ
2:2 - 45:00 Барбашев (Аноховский, Рахманов)
2:3 - 48:17 Рахманов(Аноховский, Сиксна)
2:4 - 53:40 Фёдоров (Барбашев, Рахманов)

Келесі матч 6 сәуір күні "Қарағанды ​​Арена" мұз айдынында өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу