Кәсіби бокс әлемінде қаржылық мүмкіндігі өте жоғары жаңа ірі промоушен пайда болды. UFC-дің бас компаниясы TKO Group Holdings-пен бірлесіп құрылған Zuffa Boxing жобасы Сауд Арабиясының тікелей қаржылай қолдауына ие. Жаңа промоушен таяуда алғашқы бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр.
Дебюттік турнир 23 қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC Apex аренасында өтеді. Ал келесі күні осы қаладағы T-Mobile Arena спорт кешенінде UFC 324: Гэтжи – Пимблетт турнирі ұйымдастырылады.
Zuffa Boxing-тің нарыққа шығуы кәсіби бокс саласында күштердің қайта бөлінуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені ұзақ уақыт бойы қаржылық және медиа қолдауы жоғары жаңа деңгейдегі промоушендер болмаған еді.