Сегіз қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

145

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Сегіз қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті Фото: olympic.kz

Бүгін, 11 шілдеде, U19 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде сегіз отандасымыз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) жартылай финалдан тыс қалды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу