Сегізбаевты еске салады

1044

Қазақстан біріншілігінің бірінші тур ойыны Тимур Санжарұлының атымен аталады. 

Сегізбаевты еске салады

"Қайрат" ФК чемпиондыққа таласуды мақсат еткен екен. Ол жайында команданың ардагері Құралбек Ордабев айтып берді.
"Қайраттың" мақсаты маусымды үздік үштікте аяқтау. Шама жетсе, чемпиондыққа дейін қадам басу. Одан тағысы, Ел Кубогін жеңіп алуды жоспарлап отырмыз" деді даңқты қақпашы. Алматылық команда сапында шетелдік ойыншылар саусақпен санарлық. Оңтүстік астананың ұжымы осы маусымда жастарға сенім артады. "Сары-қаралар" соңғы рет 2020 жылы чемпион атанған.

Футзалдан ұлттық құраманың көшбасшысы Игита паркетке қашан шығатынын айтты:
"Бір айдан кейін қатарға қайта қосылатыныма сенімдімін. Құдай қолдаса, мен мықты болып ораламын. Ол үшін барлығын жасауға дайынмын".
Еске салайық, Игита бразилиялық емханалардың бірінде арқасына ота жасатқан болатын.

Қазақстан OLIMPBET-чемпионатының I-туры Тимур Сегізбаевты еске алуға арналады. Сегізбаев тек футболшы болған жоқ. Ол мансабын аяқтағаннан кейін "Шахтер", "Қайрат", "Мелиоратор" командаларында бапкер болған. Шабуылшы 2017 жылы өмірден озған еді. Еске салайық, ҚПЛ алғашқы тур ойындары 4-5 наурызда ойнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу