"Семей" клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында польшалық "Пьяст Гливице" командасын өз алаңында қабылдады.
Төртінші минутта Дедезиньо есеп ашып, алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды. 21-минутта Камиль Герейханов есепті еселей түсті. Ал 35-минутта Дедезиньо дубль авторы атанды. Алайда Тейшейра Друммонд Ланса 35 және 36-минуттарда екі гол соғып, айырмашылықты қысқартты. Матчтың соңғы минутында Мартинс Граса гол соғып, есепті теңестіріп кетті - 3:3.
Командалар арасындағы жауапты матч 5 желтоқсан күні Гливице қаласында өтеді. Осы кездесудің нәтижесінде ширек финалға өтетін клуб анықталады. Келесі кезеңде жеңімпаз "Йорринг" (Дания) — "Этуаль" (Франция) жұбындағы үздік командамен кездеседі.
Сондай-ақ бүгін 00:00-де футзалдан "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында Бельгияда "Андерлехт" клубымен кездесу өткізеді. Тікелей трансляция Qazsport арнасынан көрсетіледі. Жауапты матчтар 5 және 6 желтоқсанда өтеді.
"Қайрат" – "Андерлехт"жұбының жеңімпазын келесі кезеңде Испания чемпионы "Картахенамен" кездесуі мүмкін. Бұл команда Мальтаның "Люксол Сент-Эндрюс" клубымен ойнайды.
Айта кетейік, маусымдағы Чемпиондар лигасында алматылықтар жартылай финалда "Картахенаны"жеңген болатын.