Семей қаласында Президенттің қолдауымен жүзеге асып жатқан "Абайға құрмет" акциясы аясында Жекпе-жек сарайының құрылысы жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли нысанның құрылыс барысымен танысты. Сол жағалауда бой көтеріп жатқан спорт кешені Ақтөбе облысының қолдауымен салынып жатыр.
Жалпы ауданы 6683 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат бір мезгілде 1000 адамды қабылдауға арналған.
Жоба бойынша сарайда күрес пен бокстан жарыстар өткізуге арналған жалпы ауданы 1860,28 шаршы метр зал қарастырылған. Сонымен қатар ауданы 795,54 шаршы метр үлкен жаттығу залы, балаларға арналған 293,17 шаршы метр кіші жаттығу залы және осындай көлемдегі тағы бір жаттығу залы болады.
Жаңа спорт кешені бокс пен күрес түрлерінен жарыстар өткізуге, спортшылардың жаттығуына және балаларды спортқа баулуға арналған.
Қазіргі уақытта нысанның іргетасының темір арматураларын байланыстыру және бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Нысан келесі жылдың соңында пайдалануға берілуі мүмкін.