Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Әлем кубогында үздік бестікке енді

113

Бүгін спортшыларымыз командалық сайыста сынға түсті. 

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Әлем кубогында үздік бестікке енді Фото: kazakhstan_fencing

Астана қаласында алғаш рет өткен семсерлесуден Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарысты төртінші орынмен қорытындылады.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Жапония құрамасымен сынға түсіп, тартысты бәсекеде 42:44 есебімен жол берді. Команда сапында Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский, Эльмир Әлімжанов және Александр Федотов өнер көрсетті.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы Польша мен АҚШ командаларын жеңсе, жартылай финалда Францияға есе жіберді.

Ал, Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты ерте аяқтап, 1/32 кезеңінде Израильден жеңілді.

Биыл Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Жарысқа 271 ер және 222 әйел спортшы қатысуда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спортшыларымыздан Руслан Курбанов жекелей сында күміс медальға қол жеткізген болатын. 

26 наурызда басталған жарыс бүгін, 29 наурыз мәресіне жетпек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу