Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының командалық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ел құрамасы жарыс барысында 5 кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 1/16 финалда Түркияны 45:20 нәтижесімен тізе бүктірсе, 1/8 финалда Гонконгтан 45:28 ұпаймен басым түсті.
Ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалда Франциядан (45:39) айласын асырды.
Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу