Сенат ЕАЭО аясында несие тарихы бойынша мәлімет алмасу құжатын мақұлдады

2766

Құжатты сенатор Сергей Карплюк таныстырды. 

Сенат ЕАЭО аясында несие тарихы бойынша мәлімет алмасу құжатын мақұлдады Фото: pixabay.com

Сенат "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.
 
"Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одағының кез келген резиденті жеке немесе заңды тұлға болса да кез келген экономикалық одақ елінің екінші деңгейлі банкінен несие ала алады. Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінің 2 мыңға жуық жеке тұлғасы мен 42 заңды тұлғасының біздің банктерде 119,5 млрд теңгеге несиелері бар. Бұл – Ұлттық Банктің деректері", – деді ол.

Сергей Карплюктың сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішіндегі кредиттік тарих алмасу мәселелері әлі шешімін тауып, реттелген жоқ. Ол талқыланып отырған келісім бұл олқылықты жояды деп отыр. 

"Несие тарихын бөлісу не үшін қажет? Біріншіден, бұл адал қарыз алушылар үшін банктік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Басқаша айтқанда, оларға Еуразиялық одақтың кез келген елінің банкінен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл банктердің өзін қорғайды. Банк қарыз алушының тиімділігіне көз жеткізе алады, сол арқылы өз тәуекелдерін азайтады. Келісім алмасу тәртібін және берілетін ақпараттық тізбесін қамтиды. Бұған мыналар кіреді: кредиттік есеп беру туралы сұрау салу, кредиттік есептің өзі, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, сондай-ақ оның дауласуына қатысты құжаттар", – деді сенатор. 

Бұл ретте барлық қатысушы алынған ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге міндетті болады, деп атап өтті ол.

"Қаржы нарығын ұлттық реттеушілер өздерінің негізгі міндеттерімен қатар, ақпарат алуға уәкілетті банктер мен өзге де кредиттік ұйымдардың тізімін қалыптастыратын болады. Елдер арасында тікелей ақпарат алмасумен уәкілетті ұйымдардың шектеулі тізімі айналысатын болады. Қазақстанда осылай екі кредитік бюро танылған: "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ, "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС. Ақпаратты беру арнасы ретінде Еуразиялық экономикалық одақ интеграцияланған жүйесі қарастырылатын болады. Бұл деректер мен электронды құжаттарды бөлісудің мемлекетаралық құралы", – деді Сергей Карплюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу