Сенегал жеңісінен айырылып, Марокко Африка кубогының чемпионы атанды

120

Морокко құрамасы финалдық матчтың нәтижесіне аппеляциялық шағым түсірген. 

Сенегал жеңісінен айырылып, Марокко Африка кубогының чемпионы атанды Фото: Чемпионат

Африка ұлттар кубогының финалында орын алған даулы жағдайдан кейін Сенегал құрамасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркелді. Осылайша, бастапқыда жеңіске жеткен сенегалдықтардың нәтижесі жойылып, Марокко құрамасы ресми түрде турнир чемпионы деп танылды.             

19 қаңтар күні өткен финалдық кездесуде негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталған еді. Ойын барысында бірқатар даулы жағдайлар тіркелді. Екінші таймның қосымша уақытында видеоқайталаудан кейін сенегалдықтардың голы есепке алынбай, олардың қақпасына пенальти белгіленді. Осы шешімге наразы болған бас бапкер Пап Тиау өз командасын алаңнан алып кетіп, матч уақытша тоқтатылды.

Шамамен 15 минуттан кейін сенегалдық футболшылар қайта алаңға оралды. Белгіленген пенальтиді қақпашы Эдуар Менди қайтарды. Қосымша уақытта Пап Гейе соққан жалғыз гол Сенегалға жеңіс сыйлап, команда кубокты иеленген еді.

Алайда кейін Марокко тарапы апелляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде Апелляциялық кеңес Сенегалдың матчты жалғастырудан бас тартуын ереже бұзушылық деп таныды. Соған байланысты матч нәтижесі жойылып, Марокко құрамасына 3:0 есебімен техникалық жеңіс берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу